Ол әскери ұрыс қолданысына арналмаған
ERNUR.KZ. Жарылғыш зат қаладағы жекеменшік үйдегі есіктің тұтқасына байланған. Қақпаның тұтқасында ілініп тұрған қаруды мамандар қауіпсіз жерге жеткізді. Оқиға Наурызбай ауданында болған. Ал полиция аталған жайтқа қатысты тергеп-тексеруді бастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Граната тәрізді зат Алматының Наурызбай ауданындағы жеке секторда табылды. Граната әскери ұрыс қолданысына арналмаған. Оның қайда даярланғаны және кімге тиесілі екені арнайы сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық-процесуальдық кодекстің 287-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелген», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.