Алматыда дәрігер қабылдауына келген 11 жасар баланың зорланғаны анықталды

0
791

Дәрігер жағдайды полицияға хабарлап, олармен бірге баланың тұратын жерін көруге кеткен.


Алматыда дәрігер қабылдауына келген 11 жасар баланың зорланғаны анықталды

ERNUR.KZ. 11 жасар бала бірнеше рет зорланған. Бұл туралы полицияға дәрігерлер хабарлаған. Қазір тергеу басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Балада ауырсыну болған соң туысы дәрігерге көрсетуге алып келген екен. Дәрігер баланың бірнеше рет зорланғанын, балаға хирургиялық араласу қажет екенін айтқан.

Бұл оқиға туралы “Немолчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жазды.

"Бұл істің егжей-тегжейін әлі жарияламаймыз, бірақ өте қорқынышты екенін айта кетейін. Дәрігер жай хабарлап қана қоймай, полициямен бірге оның тұратын жерін көруге кетті! Оның ерлігі бағалауға лайық”, - деп жазды ол.

Айтуына қарағанда, дәрігерлер көбінесе балаларды зорлау туралы сот процестеріне қатысудан, куәгер болудан бас тартатынын еске салды, өйткені айыпталушылардың адвокаттары оларға керемет қысым көрсетіп, оларды жиі жұмыстан шығарады.