Алматыда ЭКО өткізуге 800 квота бөлінді

0
2 061

ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек.


Алматыда ЭКО өткізуге 800 квота бөлінді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру аясында экстракорпоральды ұрықтандыруға квота саны 7 есеге ұлғайтылды, деп жазады baq.kz.

2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылуда. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылды, оның ішінде Алматыға 2021 жылға бөлінгені 800-ге жуық квота. Салыстыру үшін 2020 жылы 130 квота бөлініп, пайдаланылды.


ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.

Бүгінгі күні басқарманың кезегінде 700-ге жуық әйел бар, оның 400-і 2020 жыл ішінде өтініш берген.

ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек, сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жібереді.