Ересек ер адам қыз балаға өзімен бірге кету үшін ақша ұсынған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Алматыда ер адам 13 жастағы қыз балаға өзімен бірге баруы үшін ақша ұсынған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға Алматыда №50 мектептің маңында болған. Аялдамада ер адам 13 жастағы оқушы қызға өзімен бірге таксиге отырып кетуді ұсынған. Қыз бала бас тартқан кезде, ол 100 мың теңге беремін деген, кейін соманы 300 мың теңгеге дейін көтерген.
Қазіргі уақытта қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеріс бастағанын хабарлады.


