Ол тұрғын үйлердің кіреберістерінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерін ұрлап жүрген.
ERNUR.KZ. Алматыда әйел қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген, деп жазады Polisia.kz.
Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны бірнеше мүліктік қылмыс жасағаны үшін ұсталды. Ол тұрғын үйлердің кіреберістерінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерін ұрлап жүрген.
"Сонымен қатар, әйел бейнебақылау камераларынан, сондай-ақ, көзінше бірнеше рет қылмыс жасаған кішкентай қызынан ұялмады. Қазір А.есімді азаматшаның бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Мүмкін эпизодтардың тізімі мұнымен бітпеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", – деді Бостандық аудандық ПБ бастығы Думан Аухадиев.
Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізілуде.