Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

0
90


Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматының Алмалы аудандық полиция қызметкерлері 40 жастағы әйелдің өлімінің мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады Zakon.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел өзі тұрған көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған.


Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға орнын тексеру барысында тергеу-жедел тобы пәтерден тергеу үшін маңызды материалдар мен мән-жайларды, оның ішінде мазмұны зерттелетін жазбаны тапқан.

Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап, қайғылы жағдайдың ықтимал себептерін, марқұмның өмір салтын, араласқан ортасын және оқиғаға дейінгі басқа да жағдайларды зерттеуде.

Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.