Тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көлігіне арналған орын пайда болады

0
159

Қазіргі уақытта заң жобаларына тиісті ұсыныстар енгізілген.


Тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көлігіне арналған орын пайда болады

фото: Photo : МЧС РК

ERNUR.KZ. Елімізде әр тұрғын үй ауласында өрт сөндіру көлігіне арналған орын пайда болады, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы брифинг барысында төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов айтты.
Айтуынша, қазіргі уақытта заң жобаларына тиісті ұсыныстар енгізілген.
"Қазіргі таңда заң жобаларына тиісті ұсыныстар енгізілді. Жолды бұғаттамау және әр аулада өрт сөндіру автокөлігін қоятын орын болады. Бұрын мұндай белгіленген орын болмаған. Қазір біз сол нормаларды, ұсынысты енгіздік", - деді министр.
Министр мұндай орындар қарастырылмаған болса немесе басқа көлік жүргізушілері тарапынан өрт сөндіру көлігінің жұмысына кедергі келтірілген болса, онда жауапкершілік те қарастырылғанын айтты. Ол бұл бағытта Ішкі істер министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнатылып, арнайы алгоритмдер әзірленгенін жеткізді.