Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

0
154

1980 жылы туған Алменов Ирхам Исаевич 21 шілдеде таңғы сағат 9-да Әуезов ауданындағы Өтеген батыр көшесіндегі асханадан шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.


Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Фото: "Лидер.кз"

ERNUR.KZ. Алматыда екі күн бұрын асханадан шығып, із-түзсіз кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 1980 жылы туған Алменов Ирхам Исаевич 21 шілдеде таңғы сағат 9-да Әуезов ауданындағы Өтеген батыр көшесіндегі асханадан шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

Ол ақшыл футболка, қою көк шалбар, қара кепка және қара аяқ киім киген.

Ерекше белгілері: бойы – 180 см, дене бітімі арық, шашы қою, шекесінде ақ шаш бар, сол көзінің жанында мең бар. Жоғалған азамат бағыт-бағдарды білмейді, психикалық аурумен ауырады. Ол қаланы жақсы білмейді, басқа жақтан келген.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт бойынша іздестіру ісі қозғалған.

"Із-түзсіз жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға және оны жақындарына қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Іздеуге "Лидер.кз" еріктілер қозғалысы да қосылды.

Егер Ирхам Алменовтің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, +7 (701) 375-92-91, +7 (705) 105-31-31 немесе 102 нөміріне хабарласа аласыз.