ШОБ-қа келтірілген залалды өтеу тетігіне бірқатар өзгерістер енгізілді.
ERNUR.KZ. 2022 жылғы 20 ақпандағы шағын және орта бизнес субъектілеріне мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 427 млн теңгеге 119 өтінім мақұлданды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оның ішінде 295,7 млн теңге сомаға 64 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 131,3 млн теңгеге 55 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаражатынан қаржыландырылды.
Сонымен қатар, Алматы Өңірлік комиссиясының бастамасымен ШОБ-қа келтірілген залалды өтеу тетігіне төлемдер бойынша неғұрлым тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін бірқатар өзгерістер енгізілді. Осылайша, енді жеңілдетілген тәсіл бойынша жылжымайтын мүлік пен көлікке келтірілген залал үшін 10 млн теңгеге дейін (бұрын 5 млн теңгеге дейін) зақымдалған жабдыққа сомасы бойынша шектеусіз (бұрын 5 млн теңгеге дейін) өтемақы төленеді.