Алматыда қар көшкіні астында қалған шаңғышы қаза болды

0
1 013

Құтқару қызметінің мамандары мәйітті Шымбұлаққа түсіріп, кейін Медеу аудандық полиция басқармасының жедел тобына тапсырды.


Алматыда қар көшкіні астында қалған шаңғышы қаза болды

ERNUR.KZ. Алматыда «Тұйық су» мұздығының солтүстік беткейінде шаңғы теуіп, қар көшкінін тудырған ер адам қаза тапты, деп жазады Kazinform.

«Белгілі болғандай, азамат Р. мен азамат К. «Тұйық су» мұздығында шаңғы тепкен. К. есімді ер адам шаңғымен төмен түсіп, қар көшкінінің астында қалып қойған. Оның денесін қар астынан досы алып шықты», – деп хабарлады Құтқару қызметінен.

Құтқару қызметінің мамандары мәйітті Шымбұлаққа түсіріп, кейін Медеу аудандық полиция басқармасының жедел тобына тапсырды. Екінші жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның жай-жапсары тергеу шараларынан кейін нақтыланады.

Еске салайық, 15 қазан күні кешкі сағат 17:20-да «109» қызметінің құтқарушылары «Тұйық су» мұздығында зардап шеккен адамды түсіру үшін аттанған болатын.