Алматыда қар көшкінінің астында қалып қаза тапқан - Франция азаматы

0
670

6 адам тауға шығып сырғанаған.


Алматыда қар көшкінінің астында қалып қаза тапқан - Франция азаматы

ERNUR.KZ. Алматыда қар көшкінінің астында қалған екінші адамның денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Екінші адамның денесі табылды. Оқиға орнында құтқарушылар тергеу тобын күтіп отыр»,- деп хабарлады ведомствадан.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қар көшкінің астында қалған екі адам Франция елінің азаматтары.

«6 адам тауға шығып сырғанаған. Бұл көшкіннің шығуына себеп болды. Олардың бесеуі Франция азаматы болса, біреуі қазақстандық. Төртеуі аман. Қардың астында қалғандардың біреуі зардап шекті, екіншісі өкінішке орай қаза тапты»,- деп қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.