Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды.
ERNUR.KZ. Алматыда арнайы операция кезінде қару-жарақ жасайтын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Хабар24.
«Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемде қару-жарақ, ұрыс құралдары, оларды түрлендіруге қажетті заттар табылды. Бұл заттар қылмыстық іске айғақ ретінде тіркелді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287-бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды.Тәркіленген қару-жараққа баллистикалық сараптама тағайындалды», - деді қалалық полиция департаменті.
Сараптама қорытындысына сай цехтың кімге тиесілі екені анықталады.