Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдіктер қамауға алынды

0
99

Әңгіме әзербайжандық блогерлер туралы болып отыр.


Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдіктер қамауға алынды

Видео кадры

ERNUR.KZ. Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдіктер қамауға алынды, деп жазады ulysmedia.kz.

Әңгіме әзербайжандық блогерлер туралы болып отыр. Олар Алматыға келіп, қазақ қыздарымен төсектес болатынын айтқан. Артынша, желідегі мәлімет бойынша, қазақстандық жігіттер олармен кездесіп, кешірім сұратқан.

Алматының полиция департаментінің мәліметінше, шетелдік блогерлерге қатысты сақ бұзақылық дерегі бойынша екі шетел азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Тексеру барысында блогерлердің әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіп нормалары мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзатын балағат сөздерге жол бергені анықталған.

Іс материалдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Сот қарауының нәтижесінде екі құқық бұзушыға да 15 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Алматы қалалық полиция департаментінде әлеуметтік желі жауапкершіліктен жалтаратын орын емес екенін атап өтті. Әлеуметтік желілердегі пікірлер мен мінез-құлық қоғамдық орындардағы әрекеттер сияқты бірдей құқықтық бағалауға жатады.

Полиция азаматтығына және байланыс форматына қарамастан, заң талаптарын сақтауға және өзара әдепті қарым-қатынас ұстануға шақырады.