Алматыда қоғамдық тамақтану орнына жер учаскесі заңсыз берілгені анықталды

0
506

Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану дерегін анықтаған.


Алматыда қоғамдық тамақтану орнына жер учаскесі заңсыз берілгені анықталды

ERNUR.KZ. Алматы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша АШМ аумақтық ветинспекциясының басшысы жауапқа тартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану дерегін анықтаған.

"ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы, қоғамдық тамақтану нысаны үшін мемлекеттік орган ғимаратына іргелес жатқан жер учаскесін заңсыз берген.
Осыған байланысты прокуратура Алматы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді", - делінген хабарламада.

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бұйрығымен мемлекеттік қызметке кір келтіретін, кәсіпкерге кіріс әкелуде заңсыз жәрдем көрсетуді білдіретін теріс қылық жасағаны үшін ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" ҚР заңының 50-бабы 1-бөлігінің (5-тармақшасы) Аумақтық инспекция басшысы, "қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жауапқа тартылған.