Алматыда көпқабатты үйдің 11-қабатындағы пәтер өртенді

0
106

​Өрттен шамамен 100 тұрғын эвакуацияланды.


Алматыда көпқабатты үйдің 11-қабатындағы пәтер өртенді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Бүгін Алматы қаласының Алатау ауданындағы Дарабоз шағын ауданында 12 қабатты тұрғын үйдің 11-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Бұл туралы «112» пультіне хабарлама түскен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері жеткенде, пәтердің асүйінде ашық жалынмен өрт болып жатқаны анықталған.

Құтқарушылар дереу барлау жұмысын жүргізіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастаған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары баспалдақ арқылы көтеріліп, арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып, 10 адамды құтқарған Олардың арасында 4 бала бар. Сонымен қатар шамамен 100 тұрғын эвакуацияланған.

Өрт толық сөндірілді. Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.