Алматыда көрші тұрған екі дәмхана түн жарымына дейін жұмыс істеген

0
1 108

Дәмхана иелеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бабы бойынша хаттама толтырылды.


Алматыда көрші тұрған екі дәмхана түн жарымына дейін жұмыс істеген

ERNUR.KZ. Алматыда жапсарлас орналасқан екі дәмхана түнгі бірге дейін қонақтарды қабылдағаны анықталды, деп жазады Polisia.kz.

Бұл мекемелер Алматы қаласының Алмалы ауданында, Шевченко көшесінде орналасқан.

Түннің бір уақытында, тексеру кезінде 30 адам "Веселидзе" кафесінде уақыттарын өткізген, ал, қабырғаның ар жағында орналасқан "Бакинский бульварында" 60-қа жуық демалушы анықталды.

Дәмхана иелеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бабы бойынша хаттама толтырылды.