Алматыда қылмыстық топ мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірді

0
559

Алматыда материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысқан, құрамында жеті адам бар қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.


Алматыда қылмыстық топ мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірді

ERNUR.KZ. Алматыда қылмыстық топ бақылаудағы компаниялар арқылы ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша көмектескен, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматыда материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысқан, құрамында жеті адам бар қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

"Бұл тұлғалар 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асатын 4 коммерциялық компания арқылы салық төлеуден жалтару бойынша көмектесті. Сондай-ақ, айыпталушылар тұрғылықты жерінде салмағы 849 грамм болатын тыйым салынған "марихуана" есірткісін өсіргені анықталды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық Кодекстің 216-бабы 3-бөлігі "Іс жүзінде жұмысты орындамай шот-фактура жазу бойынша іс-әрекеттер жасау" бойынша кінәлі деп танылып, оларға 3 жылдан 4,8 жылға дейін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматы полициясы тыйым салынған есірткі заттарына қатысты істі тергейді.