Алматыда қызды аңдып, шабуыл жасаған ер адам анықталды

0
77

Бұған дейін әлеуметтік желілерде шабуыл туралы видео таған еді.


Алматыда қызды аңдып, шабуыл жасаған ер адам анықталды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Түрксіб аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері Алматыда қызға шабуыл жасаған адамның жеке басын анықтады. Ол 14 жастағы жасөспірім болып шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы сейсенбі, 9 қыркүйекте Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар оны ұстағаны, ал ата-анасы бала тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны түсіндірілді.

"Баланың өзі мектепішілік есепке қойылды. Сонымен қатар, бұл дерек бойынша материалдар Түрксіб ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Полицейлер психологпен бірлесіп жасөспірім және оның отбасымен профилактикалық жұмыс жүргізгені айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде шабуыл туралы видео таған еді. Онда қыздың Түрксіб ауданындағы көшеде кетіп бара жатқаны көрінеді. Оның артынан ер адам біршама уақыт еріп жүріп, жан-жағына жалтақтағаны байқалады. Қыз қақпаға жақындаған сәтте ер адам артынан жүгіріп келіп, қызды қысып ұстап, артынша қашып кеткен.