Алматыда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды

0
558

Штабтың мәліметінше, 6 сәуір күні таңғы сағат 6:00-де Түрксіб ауданында жоспарлы жаттығулар басталды.


Алматыда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды

ERNUR.KZ. Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Штабтың мәліметінше, 6 сәуір күні таңғы сағат 6:00-де Түрксіб ауданында жоспарлы жаттығулар басталды. Тәртіп сақшылары Спасская көшесінің бойында орналасқан №67 үйде жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдап жатыр. Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар сағат 12:00-ге дейін өтеді.

"Оқу-жаттығудың мақсаты - адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Оқыту тапсырмалары лаңкестктің жолын кесу тетігін жетілдіруге бағытталған.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - деп хабарлады Терроризмге қарсы күрес қауымдастығы.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны атап өтілген.