Алматыда "Нәрестелер аллеясы" ашылды

0
104

Акция барысында ата-аналар мен ата-әжелер 80 алма ағашын отырғызды.


Алматыда

Фото: Almaty_akimdigi telegram

ERNUR.KZ. Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының аумағында "Нәрестелер аллеясы" ашылды, деп жазады inbusiness.kz.

Акция аясында орталықта дүниеге келген балалардың отбасылары 80 алма ағашын отырғызды.

Ағаш егу шарасына ата-аналар мен ата-әжелер балаларымен бірге қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аллея әр отбасы үшін сәбидің дүниеге келуімен байланысты ерекше естеліктің символына айналмақ.

2022–2025 жылдары орталықта 33 мыңнан астам бала дүниеге келген. Оның ішінде 1,6 мыңнан астам жаңа туған сәби жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде ем алған.

Қазір орталықта жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету жүйесі де дамып келеді. Медициналық жабдықтар жаңартылып, диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізілуде. Сонымен қатар мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Егілген 80 алма ағашы орталық аумағындағы жаңа "Нәрестелер аллеясының" негізін қалады.