Алматыда өрт сөндірушілер отқа оранған қоймада жарылыстың алдын алды

0
737

Өртті сөндіру барысында 3 оттегі және 4 газ баллоны шығарылды.


Алматыда өрт сөндірушілер отқа оранған қоймада жарылыстың алдын алды

ERNUR.KZ. Алматының Алмалы ауданында өрт сөндірушілер отқа оранған қоймадағы жарылыстың алдын алып, кәсіпкерлердің көршілес және жапсарлас салынған ғимараттарға өрттің таралуына жол бермеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 14 қаңтарда 20 сағат 25 минутта Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданына қарасты Әуезов к-сі, 2/8а мекенжайына жіберілген.

«Алғашқы өрт сөндіру есептері өрт орнына 6 минуттан кейін келген уақытта құрылыс материалдары мен лак-бояу өнімдері орналасқан қойманың 500 шаршы метр аумағы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады әрі қойма жайлары тез жанғыш бұйымдарға (битум, лак-бояу) лық толы болғандықтан, өртті сөндіру қиындай түскен.

Өрт орнында штаб жұмысы ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскесі құрылып, негізгі басым міндеттер айқындалды.

«Өртті сөндіру барысында қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газ баллоны эвакуацияланды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 22.34-те оқшауланып, 22.50-де толығымен жойылып, көршілес орналасқан қоймаларға өрттің таралуына жол берілмеді, нәтижесінде кәсіпкерлердің 5 мың м2 ТМҚ сақтау қоймалары аман қалды», - делінген хабарламада.

Өртті жоюға 21 бірлік техника, 100-ден астам адам жұмылдырылды

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталып жатыр.