Алматыда полицейге қол көтерген ер адам қамауға алынды

0
720

Жүргізушінің жеке басы анықталды.


Алматыда полицейге қол көтерген ер адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Құқық бұзушылардың бірі заңды талапқа бағынбай, полиция қызметкерінің бетінен ұрған, деп жазады baq.kz.

Алматыда 19 желтоқсан сағат 03:20-да Достық даңғылы мен Снегин көшесінің қиылысында патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының экипажы жүргізушісінің іс-әрекеті күдікті болып көрінген Toyota автокөлігін байқады.

Қолданылған шаралардың арқасында көлік тоқтатылды. Көлік ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы болған, олар бірден теріс қылық көрсетіп, мас күйде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады.

Сонымен қатар ер адамдар өздерінің заңсыз әрекеттері себебінен тоқтатылған Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне қашып кетуге көмектесті. Ол да мас күйінде рөлге отырған болуы мүмкін. Соның салдарынан жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірген.

Жүргізушінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ құқық бұзушылардың бірі заңды талапқа бағынбай, полиция қызметкерінің бетінен ұрған. Оның бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша квалификацияланады.

Сонымен қатар оқиғаға қатысушылардың барлығына қатысты ҚР ҚК-нің 379-бабы (Билік өкіліне бағынбау) бойынша қылмыстық іс тіркелді және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) және ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік материалдар жинақталды.

Полиция қызметкеріне қол көтерген ер адам қамауға алынды.