Алматыда сайлау алдында ОСК қызметкерлерінен коронавирус анықталды

0
2 142

Сайлау қауіпсіз болуы керек, деді Жандарбек Бекшин.


Алматыда сайлау алдында ОСК қызметкерлерінен коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Алматыда Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы алдында Орталық сайлау комиссиясы қызметкерлерінен коронавирус анықталды. ПТР-тест сегіз қызметкердің тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Біз учаскелерде тәулік бойы қалалық сайлау комиссиясы мен бақылаушылар жүретінін білеміз. Сондықтан олар міндетті түрде коронавирусты анықтайтын тесттен өтуі керек. Жалпы 5840 адам тапсырды. Оның ішінде сегіз адамнан коронавирус анықталды. Олардың орнына басқа адамдар алынады.
Біз үшін бастысы - аурудың алдын алу. Сайлау қауіпсіз болуы керек", - деді Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирусқа байланысты қаңтардағы болжам нашар екенін айтты.

Еске салайық, елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.