Алматыда самокат мінген жігіт өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарды

0
130

Алматыда қайғылы оқиға орын алды: ер адам жас жігітке тротуарда самокатпен жүргені үшін ескерту жасаған.


Алматыда самокат мінген жігіт өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарды

ERNUR.KZ. Алматыда самокат мінген жігіт тротуарда ескерту жасаған жаяу жүргіншіні ұрып, көзінен айырды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп жазады baq.kz.

Алматыда қайғылы оқиға орын алды: ер адам жас жігітке тротуарда самокатпен жүргені үшін ескерту жасаған. Алайда ол жауап ретінде жәбірленушінің бетіне қатты соққы беріп, көзінен айырған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында тіркелген.

Қазір бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Тергеу аясында істің мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция кінәлі тұлғаның заң аясында жауапқа тартылатынын атап өтті.

Еске салсақ, 2025 жылғы 5 қыркүйекте Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігімен соқтығысып қаза тапқан болатын.