Жезөкшелікпен айналысқан төрт шетелдік әйел жауапкершілікке тартылды.
ERNUR.KZ. Алматыда Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары интим қызмет көрсеткен, деп жазады tengrinews.kz.
Жезөкшелікпен айналысқан төрт шетелдік әйел жауапкершілікке тартылды. "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы қонақүйлердің бірінде интим қызмет көрсетумен айналысқан 11 әйел анықталды, олардың төртеуі Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.
"Олар – 1997, 2000 және 2003 жылы туғандар. Құқық бұзушылар ҚР "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңының 29-бабы бойынша материал жинау үшін Алатау аудандық ПБ-ға жеткізілді, содан кейін қабылдап-таратуға орналастырылды. Қонақүйде ұсталған алты әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал қонақүй кешенінің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.
Еске сала кетейік, 14 қарашадан бастап қалада шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерін бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын және шетелдіктерді заңсыз тартуды анықтау мақсатында іс-шара жұмыстары жүргізіліп жатыр.