Алматыда шетелдіктер террорлық акт жасамақ болған

0
91

Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдіктер.


Алматыда шетелдіктер террорлық акт жасамақ болған

Фото: ҰҚК

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Террорлық акт жасағысы келген шетелдік азаматтар қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды. Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдіктер.