Алматыда сот пара алып жатқан жерден ұсталды

0
1 071

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Алматыда сот пара алып жатқан жерден ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы сотының пара алу фактісін анықтады, - деп жазады tengrinews.kz.

"Сот делдал, яғни Алматы қаласы аудандық сот отырысының хатшысы арқылы өз өндірісіндегі азаматтық іс бойынша мәселенің оң шешілуі үшін 3 000 АҚШ доллары мөлшерінде пара алғаны үшін күдікке ілінді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деді агенттіктегілер.

Ұсталған күдіктіге қатысты соңғы үкімді оның кінәлілік дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.