​Қазақстанда 706 мыңнан астам студент жасанды интеллект негіздерін меңгерді

0
120

Қазіргі уақытта оқу бағдарламаларының 76%-ына ЖИ элементтері енгізілді.


​Қазақстанда 706 мыңнан астам студент жасанды интеллект негіздерін меңгерді

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта «AI-Sana» бағдарламасы іске қосылды. Былтырдан бастап ЖИ негіздерін міндетті түрде оқыту енгізілді. Нәтижесінде 706 мыңнан астам бакалавр студенті базалық курстармен қамтылды. Магистранттар мен докторанттарға да ЖИ бойынша білім беру жүргізілуде.

«Бағдарлама аясында жыл сайын 100 мың студентті тереңдетілген ЖИ курстарына тарту жоспарланған. Олардың ішінен шамамен 60 мыңы Astana Hub-пен бірлескен акселерациялық бағдарламаларға қатысып, өздерінің ЖИ агенттерін әзірлеуге мүмкіндік алады. Қазіргі таңда 104 мың студенттің 67 мыңнан астамы бағдарламаның екінші кезеңін сәтті аяқтап, сертификат алған. Сондай-ақ қатысушылар әзірлеген 500-ден астам ЖИ агенті іске қосылды», – деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, Қазақ-Британ техникалық университетінің студенттері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін «КМГ AI» арнайы агентін әзірлеген. Ол мұнай өндіруден бастап, дайын өнімнің жанармай базаларына жеткізілуіне дейінгі ақпаратты бір жүйеге жинақтап, ахуалдық орталық операторларына чат-бот арқылы жедел ұсынуға мүмкіндік береді.