Алматыда тағы бір ер адам өзін өртемек болды

0
109

Кәмелетке толмаған екі бала қызметтік міндеттерін орындап тұрған полиция қызметкерлеріне келіп, ойын-сауық мекемесінің жанында ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлаған.


Алматыда тағы бір ер адам өзін өртемек болды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматыда көшеде бір ер адам өзін өртемек болды, оны Жедел әрекет ету арнайы жасағының (ЖАӘЖ) қызметкері құтқарды, деп жазады zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Достық пен Абай даңғылдарының қиылысында болды.

Кәмелетке толмаған екі бала қызметтік міндеттерін орындап тұрған полиция қызметкерлеріне келіп, ойын-сауық мекемесінің жанында ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлаған.

Полиция қызметкерлері хабарламаға жедел әрекет етіп, көрсетілген жерге дереу жетті. Осы сәтте мас күйінде болған ер адам өрт қойып үлгерген.

Полиция аға лейтенанты Бекмырза Мұхаметов өртті тез арада ауыздықтап, қайғылы оқиғаның алдын алды. Зардап шеккен адам келген медициналық бригадаға, оның ішінде психолог-дәрігерлерге тапсырылды.

"Мұндай мысалдар полиция қызметкерінің жұмысы тек тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар адам өмірін құтқару екенін көрсетеді. Әр қызметкер батылдық пен адамгершілік танытып, шұғыл шешім қабылдауға әрдайым дайын болуы маңызды. Осындай әрекеттер қоғамға үлгі болып, полиция көмек қажет болған кезде әрқашан дайын екенін дәлелдейді", – деді, Алматы қалалық ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың командирі Азамат Исергужин.

2025 жылғы 25 тамызда Алматы әуежайында бір ер адам өзін өртемек болды. Оны да құтқарып, ауруханаға жеткізді.