Олар Алматы облысы, Талғар ауданының 1993, 1998 және 2000 жылғы тұрғындары. Қылмыскерлер ұрланған автокөлікті сатып үлгермеген.
ERNUR.KZ. Алматыда полицейлер такси жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Қылмыстық оқиға осыдан екі апта бұрын Түрксіб ауданында болған. Үш ер адам бизнес-клас санатындағы таксиге тапсырыс беріп, жүргізушіден әуежайға апарып тастауды сұраған. Алайда жол-жөнекей жолаушылар жүргізушіге шабуыл жасап, бірнеше пышақ жарақатын салған.
Ақырында Toyota Camry көлігін иеленіп алған.
Оқиға орнынан жасырынуға тырысқан күдіктілер көп ұзамай ұсталды. Олар Алматы облысы, Талғар ауданының 1993, 1998 және 2000 жылғы тұрғындары. Қылмыскерлер ұрланған автокөлікті сатып үлгермеген.
Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа қылмыстарға байланысы анықталуда.
Еске салайық, бұған дейін Toyota Camry көлігімен такси қызметін ұсынған алматылық тапсырысын орындау кезінде клиент тарапынан шабуылға ұшырап, пышақ жарақатын алғаны туралы жазылған еді.
Дәрігерлер жәбірленушіге ота жасап, өмірін сақтап қалды. Ол ауруханадан шыққан соң, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.