Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.
ERNUR.KZ. Алматыда танысының көлігіне оқ атқан бұзақы ұсталды, деп жазады polisia.kz.
Алмалы аудандық Полиция басқармасы хабарлағандай, бұл қылмыс таңертең Райымбек даңғылы мен Абылай хан көшесінің қиылысында болған.
"1994 жылы туған М.есімді азамат травматикалық тапаншамен 1993 жылғы И.азаматтың автокөлігіне оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік құралына механикалық зақым келді. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, бейнебақылау жүйесінің деректері зерттелді. Күдіктілер дереу анықталып, олардың бірі қысқа мерзімде қамауға алынды. Заңсыз әрекеттердің тағы бір қатысушысы іздеуде. Оның қолға түсуі уақыттың еншісінде. Тергеудің осы кезеңінде тараптардың бір-бірімен таныс екендігі анықталды, олардың арасында бір-бірімен дұшпандық қатынастар пайда болған, бұл ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеуге алынған қылмыстың мотиві болды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары кешені жалғасуда", – деді, Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.