Алматыда тауға шыққан альпинистің көзі көрмей қалды

0
2 129

​Алматы тауларына өрмелеу кезінде альпинистің көзінің шынайнасы үсіп қалды, оған дәрігерлер көмектесіп жатыр.


Алматыда тауға шыққан альпинистің көзі көрмей қалды

ERNUR.KZ. Алматыда альпинист тау басына шығып жатқан кезде көру қабілетінен айырылды. Соған байланысты альпинистер тобын таудан шұғыл түсіру бойынша арнайы операция жүргізілді, деп жазады sputniknews.kz.

Төтенше жағдай 3 қаңтарда Кіші Алматы шатқалында болды.

"Кіші Алматы шатқалында Солтүстік жотамен Мәншүк Мәметова шыңына шығып, оқу-жаттығу жүргізу кезінде бір альпинистің көзінің шынайнасы үсіп қалды. Ол көрмей қалды", - делінген Алматы қаласы "құтқару қызметі" хабарламасында.

Соған байланысты тауға өрмелеу шұғыл түрде тоқтатылып, альпинистер төменге түсті. Мұндай бұйрықты радиобайланыс арқылы құтқару қызметінің авариялық-құтқару жасағы бастығының орынбасары Дамир Молгачев берді.


"Зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін құтқару қызметі, Тұйық-Су альпинистік лагерінің нұсқаушылары және Алматы қаласы альпинизм федерациясының спортшылары оны Тұйық-Су шатқалына шұғыл түрде түсірді", - деп нақтылады Алматы құтқару қызметінің баспасөз қызметі.


Қазір зардап шеккен азаматтың көру қабілеті ішінара қалпына келіп жатыр. Енді оның денсаулығын тұрғылықты жері бойынша дәрігерлер бақылайды.