Алматыда төбелес болып, 1 адам пышақ жарақатын алды

0
117

Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын хабарлады.


Алматыда төбелес болып, 1 адам пышақ жарақатын алды
фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ERNUR.KZ. Алматыда ер адамдар арасында жанжал шығып, азаматтардың бірі ауруханаға түсті. Желідегі мәліметке сәйкес, кикілжің кезінде күдіктілердің бірі пышақ қолданған, деп жазады inform.kz.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын хабарлады.

- Бостандық аудандық полиция басқармасы денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс емес ер адамдар арасында жанжал шыққан. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен 16 жастағы Шерзат Болат қайтыс болғанын жазғанбыз.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.

12 қазан түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалды.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері БАҚ қызметкерлеріне Шерзат Болат қаза тапқан жерде камераға түсіп қалған видеоны көрсетті.