Электрсамокат мінген балалар: Қазақстанда 130 ата-ана жазаланды

0
122

Биылғы 9 айда электрсамокаттардың қатысуымен 144 жол-көлік оқиғасы тіркелген.


Электрсамокат мінген балалар: Қазақстанда 130 ата-ана жазаланды

Фото:Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға қатысты құқық бұзушылық статистикасын жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Биыл электрсамокат жүргізушілері жасаған 41,6 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде мас күйінде жүргізу - 9 дерек, жалпы пайдаланымдағы жолдарда балалардың электрсамокат жүргізуіне жол берегені үшін 130 ата-ана жауапқа тартылғаны хабарланды.

"Алайда, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен құқық қолдану практикасына қарамастан, электрсамокаттардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жағдай әлі де күрделі болып отыр. Биылғы 9 айда электрсамокаттардың қатысуымен 144 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 136 адам жарақат алды. Электрсамокаттардың жүргізушілері кінәсінен 24 ЖКО болып, 1 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды", - делінген ведомствоның редакцияның сұрауына берген жауабында.