Астанадағы сауда орталығында сәбиді құтқару сәті видеоға түсіп қалды

0
132

Белгісіз адам баланы соңғы секундта ұстап алады.


Астанадағы сауда орталығында сәбиді құтқару сәті видеоға түсіп қалды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде құтқарылған баланың видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп жазады tengrinews.kz.

Zhaloby_astana Instagram-парақшасында көрермендердің назарын бірден аударған бейне жарияланды. Кадрларда ер адамның эскалатор жақтауында ілулі тұрған баланы құтқару үшін эскалатормен жоғары жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Белгісіз адам баланы соңғы секундта ұстап алады, осылайша оны құлап кетуден құтқарады.

"Ата-аналар, эскалаторларда балаларыңызды қадағалаңыз. Бақытымызға орай, ер адам тез әрекет етті", - делінген мәтінде.

Айта кетейік, баланы құтқарған адам туралы әзірге ештеңе белгісіз.