Ұлттық біліктілік жүйесі: жыл басынан бергі еңбек пен нәтиже

0
1 367

ҰБЖ дамыту, мүдделі тараптардың қатысу дәрежесі мен сапасын арттыру мақсатында іс-шаралар циклі алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасын табады.


Ұлттық біліктілік жүйесі: жыл басынан бергі еңбек пен нәтиже

ERNUR.KZ. Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығына сай мамандарға сұранысты және оларға қойылар талаптарды айқындайтын, білім беру жүйесінің жұмысы негізінде біліктілік ұсыныстарын реттеу мен жүзеге асырудың тетіктерінің жиынтық кешені. Оның ішінде талдау-сараптамалық, ақпараттық, білім беру және құжаттық жұмыстарды қамтиды.


Мамандардың кәсіби біліктілігі – бұл жұмыскердің өз мамандығы мен қызметтік міндеттері бойынша тапсырмаларды орындай алу дәрежесі. Жұмыскердің біліктілік деңгейі оның кәсіптік білімі мен дағдыларына (ресми, бейресми немесе информалды) және жұмыскердің жеке қасиеттеріне байланысты айқындалады. Қызметкердің біліктілік дәрежесін түсіну, міндеттерін лайықты деңгейде атқара алатынына сенімді болу үшін жұмыс берушілерге оны дәлелдейтін қандай да бір құжат керек болады. Егер қолында ЖОО дипломы болмаған жағдайда, осы қажеттілікті Ұлттық біліктілік жүйесі кәсіптік біліктілікті тану курсы және одан өткені туралы құжатпен қанағаттандырады. Бұл жұмыс берушіге жұмыс процесін тиімді ұйымдастыруға және еңбекке лайықты ақы белгілеуге көмектеседі.

Осылайша ҰБЖ Қазақстандағы еңбек ресурстарының деңгейін көтеруде және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Ұлттық біліктілік жүйесі жобасын іске асыратын орган техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерін және ҚР Ұлттық қызметтер жіктеуішінің кәсіптерін үндестіру және үйлестіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл жұмысты ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе жүзеге асыруда.

Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі ұлттық орган еліміздің облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (ТжКБ) басшыларымен, педагогтермен, методисттермен жүйелі түрде онлайн-кездесулер өткізуі жоспарланған. Іс-шараның басты мақсаты — ТжКБ ұйымдарының Сareer Enbek ҰБЖ цифрлық платформасы ұсынатын мүмкіндіктермен таныстыру, қалай қолдануды түсіндіру, осы бағытта атқарылған шаруалар туралы хабардар ету.

ҰБЖ-ны дамытуға байланысты жоспарлы онлайн-семинарлар 2024 жылдың ақпан айынан басталды. Алғашқы семинар «Кәсіптік біліктілікті тану» тақырыбымен 14 ақпанда өткізілді.

2024 жылдың 28 ақпанында Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің кезекті отырысы өтті. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б. Дүйсенованың төрағалығымен өткізілген жиында мынадай мәселелер талқыланды:

  • экономиканың басым секторлары бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу;
  • біліктілік саясатын БТБА, БА-нан кәсіптік стандарттарға көшіру.

білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары және басқа да кеңеске қатысушылар әзірленіп жатқан кәсіптік стандарттардың сапасы, мемлекеттік қызметкерлер арасынан білікті сарапшы мамандарды тарту, жұмыс берушілер мен салалық қауымдастықтар және білім беру ұйымдарының бірлескен әрекеттерін арттыру, т.б. мәселелерді талқылады. Сондай-ақ еңбек нарығын жоғары квалификациялы кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атай отырып, оны іске асыруға қатысты ұсыныстарын мәлімдеді.


2024 жылдың ақпан-наурыз айларында Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер нәтижесінен басты көзделгені: қатысушыларды Career Enbek цифрлық платформасының мүмкіндіктерімен таныстыру және ҰБЖ құралдары, кәсіптік стандарттарды қолдану және кәсіптік біліктілікті тану жүйесі арқылы білім беру бағдарламаларын жақсарту үшін платформаны қалай пайдалану керектігін көрсету. Жаңа мамандықты меңгеріп, пайдалы дағдыларды үйренуге арналған Skills Enbek онлайн-курстар платформасына да шолу жасалды. Кездесуге еліміздің 700-ден астам колледждері мен өңірлік білім басқармаларының өкілдері қатысты.


Наурыз айының басында Кәсіптік біліктілік жөніңдегі ұлттық орган GROHE компаниясымен онлайн кездесу өткізді. Сантехника және ас үй жабдықтарын өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы компанияның қызметкерлерімен ҚР «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңына қатысты өзекті сұрақтар талқыланды. Нәтижесінде елімізде GROHE компаниясының қолдауымен кәсіби біліктілікті тану орталығын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл тиісті салалардағы қазақстандың мамандардың жұмыс деңгейін арттыруға айтарлықтай үлес қосатыны анық.

Айта кетейік, аталған алпауыт серіктестік сантехникалық өнеркәсіпте білікті монтажшыларды даярлауға бағытталған «GIVE» авторлық халықаралық бағдарламасын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта осы бағдарлама аясында еліміздегіі және әлемдік оқу орындарын қоса алғанда, 10 мыңнан астам студент білім алды.


2024 жылғы 12 наурызда Ұлттық кәсіптік біліктілік органы ЖОО білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіптік стандарттарды қолдану мәселелерін қарады. Іс–шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Жоғары білім беруді дамыту Ұлттық Орталығының, жоғары білім беру ұйымдары оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өкілдері, ЖОО қызметкерлері және тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Мемлекеттік органдар әзірлейтін кәсіптік стандарттардың сапасы, сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа кәсіптік стандарттарын әзірлеу, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлеуде кәсіптік стандарттарды қолдану мәселелері көтеріліп, тиімді шешімдер қабылданды.

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде өткен кезекті бір онлайн-семинарға техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, «Talap» КЕАҚ-ның 500 өкілі қатысты. Аталған шара ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелерін консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыру тетіктерін айқындауды мақсат еткен.


Биыл сәуір айының 1 мен 4 аралығында Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган бірнеше министрлік өкілдерімен кездесу өткізді. Атап айтсақ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Су ресурстары, Көлік, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрлігі. Кездесудің мақсаты – салалық біліктілік жүйесін қалыптастыру және енгізу мәселелерін қарастыру.

Шара барысында сөз болған басты екі мәселе – Кәсіптік стандарттар әлі қабылданып бітпеген мамандықтар және жұмысшылардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын талдау. Қорытынды кезеңінде тиісті мамандарға еңбек нарығында сұраныс жоғары мамандықтарды анықтап, жұмыс берушілермен байланысты жақсарту бойынша терең мониторинг жүргізу тапсырылды.


ҰБЖ жөніндегі департамент 2024 жылғы сәуір-мамыр айларында ауқымды 16 іс-шара өткізді. КБҰО өкілдері мемлекеттік статистика саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес отырысына қатысты. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қабырғасында Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, кәсіптік біліктілікті тану, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министр Ж.Б.Дубированың төрағалығымен мемлекеттік орган қызметкерлерінің ҰБО өкілдерімен офлайн кездесуі өтті.

Ұлттық біліктілік жүйесі жұмысының шеңберінде жоспарлы оқыту семинары өткізілді. Шараның ұйымдастырушысы – Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган. Семинар барысында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның әдіснамалық қолдау басқармасының басшысы Айнұр Айбульдинова кәсіптік біліктілік бойынша жұмыстың институционалдық және әдіснамалық негізі туралы сөз қозғады.


Бірқатар мемлекеттік органдармен кәсіптік стандарттарды әзірлеу мен жаңартудың ағымдағы мәселелері бойынша 15 SCRUM-кездесу өткізілді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Денсаулық сақтау, Энергетика, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері қатысқан кәсіптік біліктілік жөніндегі кеңес өтті. Шара барысында кадрлық әлеуетті дамытуға, медициналық кәсіптердің беделін арттыруға баса мән берілетіні айтылды.

ҚР Денсаулық сақтау кадр ресурстарын тұрақты дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Денсаулық сақтау кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесі аталған стратегиялық құжаттардың әзірлену барысын мәлімдеді. Денсаулық сақтау саласында жоғары сұранысқа ие, кадр тапшылығы орын алып тұрған мамандықтар анықталды. Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, грант бөлу жұмысын жалғастыру жайлы шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде өңірлерде, әсіресе, шалғай ауылдарда денсаулық сақтау қызметтерін қолжетімдірек ету түсуге көмектеседі деп мәлімдеді.

Отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 55 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Бұл басым салалар бойынша құрылатын жұмыс орындарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігі жанынан электр энергетикасы, мұнай мен газды барлау, өндіру, тасымалдау және өткізу, атом энергетикасы салаларын қамтитын 5 салалық кеңес құрылды.


Тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жұмыс кездесуі өтті. ҚР Энергетика министрлігінің және кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органның өкілдері қатысты. Шараны ұйымдастырушылардың көздегені – «Мұнай мен газды өңдеу, өткізу» және «Мұнай мен газды барлау және өндіру» кәсіптік стандарттарын жаңарту. «Мұнай мен газды өңдеу, өткізу» тобы жүргізген жұмыс нәтижесінде талғылауға жататын 11 КС бойынша 95 кәсіп карточкасы қаралып, Салалық кеңесте талқыланбақ. «Мұнай мен газды барлау және өндіру» саласының жұмыстары жүргізіліп, 15 кәсіптік стандарт бойынша кәсіптің 106 карточкасы қаралды.


Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде оқыту семинарларының циклін жалғастыруда. Жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес, кезекті оқыту семинары өткізілді. Семинарға салалық мемлекеттік органдардың 34 өкілі қатысты.

Семинар спикері – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органының сарапшысы А. З. Боженов. Асқар Зәйіпұлы кәсіптік стандарттарды әзірлеу, өзектендіру бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. Сонымен қатар, семинарға қатысушы өкілдер кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту алгоритмі жайлы ақпарат алып, өзара пікір алмасты және проблемаларды талқылап, шешімін бірге іздеді.

Қазақстанның ҰБЖ дамыту, мүдделі тараптардың қатысу дәрежесі мен сапасын арттыру мақсатында осы сынды іс-шаралар циклі алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасын табады.

Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ