​Алматыда түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

0
116

Оқиғаға қатысқандардың бәрі мас күйде болған.


​Алматыда түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматыда өткен түнде жаппай төбелес болып, оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып үлгерді, деп жазады baq.kz.

EGOVPRESS жариялаған бейнежазбада бірнеше ер адамның бір-біріне жұдырық ала жүгіргені көрінеді. Кейбіреулері жерде жатыр, ал басқалары соққы беруді жалғастырып жатыр. Бір адамдар жанжалға араласып, зардап шеккендерді тұрғызуға тырысса, өзгелері жай ғана қарап тұрған.
Кейін белгілі болғандай, оқиғаға қатысқандардың бәрі мас күйде болған.
Ең таңғаларлығы – төбелес кезінде 102 нөміріне бірде-бір қоңырау түспеген. Жанжал орын алған сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан патрульдік полиция қызметкерлері оқиғаны байқап, дереу араласқан. Олардың жедел әрекетінің арқасында төбелес жылдам тоқтатылған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушылар полиция бөлімшесіне жеткізілді, қазір олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.
Қалалық ПД мәліметінше, оқиғаға қатысы бар азаматтардың бәріне ҚР заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.