​Алматыда тұтқындар отырған камераларға теледидар қойылып жатыр

0
819

Қазір 110 камераға телевизор қойылып, күдіктілер мен сотталғандар бос уақыттарында 26 телеарнаның хабарларын тамашалауда.


​Алматыда тұтқындар отырған камераларға теледидар қойылып жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда тұтқындар отырған камераларға теледидар қойылуда, деп жазады polisia.kz.

Алматы қаласындағы ЛА-155/18 деп аталатын Тергеу изоляторы 1 360 орынға арналған. Бүгінде мұнда мыңнан астам адам соттың үкімін күтіп, тергеу тұтқынында отыр. Сонымен бірге 60-қа жуық сотталған үкімді жазаларын мекеме ішіндегі шаруашылық жұмыстарын атқару арқылы өтейді. Оларға еңбекақы төленіп, жалақыларының бір бөлігінен жәбірленушіге келтірген зиянды төлейді және өздеріне қажетті заттарды сатып алады. Ал Тергеу изоляторының техникалық мүмкіндігін анықтау және мекеменің техникалық жағынан дамуын нарықтық экономикаға бағыттау сияқты міндеттерді арнайы бөлім атқарады.

Бір сөзбен айтқанда жазалы адамдарға жағдай жасау Қылмыстық-атқару жүйесі басшыларының қатаң бақылауында. Мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтудың арнайы бағдарламасы әзірленген, сонымен қатар оның орындалуы да басты назарда. Тергеу тұтқынындағылардың тұрмыстық жағдайлары да күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе.

ЛА-155/18 түзеу мекемесі еліміздегі әлемдік стандартқа сай салынған санаулы мекемелердің бірі екені белгілі. Мұнда тұтқындар тұтастай камералық жүйемен ұсталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы “Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын, сондай-ақ Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету” ережесін бекіту туралы №1255 қаулысына сәйкес мекеме бойынша бюджеттен үнемделген 4,5 миллион теңге қаржыға 200 телевизор сатып алынып, камераларға орнатыла бастады.

Қазір 110 камераға телевизор қойылып, күдіктілер мен сотталғандар бос уақыттарында 26 телеарнаның хабарларын тамашалауда. Арнайы континенттің көбіне көретіндері спорт хабарлары мен жаңалықтар.

Телевизорлардың электрлі қуат көздері орталық автоматқа жалғанған, бұл барлық камералардағы телевизорларды бір уақытта қосуға немесе сөндіруге мүмкіндік береді. Бүгінде қалған камераларды теледидармен жабдықтау жұмыстары жалғастырылуда.