Алматыда университет аумағынан адам сүйегі табылды

0
91

Алматы полиция департаменті табылған сүйекке қатысты түсініктеме берді.


Алматыда университет аумағынан адам сүйегі табылды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының аумағынан адам сүйегі табылғаны туралы хабарлама тарады, деп жазады Stan.kz.



Сүйектер академия аумағындағы инженерлік желілерді жөндеу кезінде табылған.

Алматы полиция департаменті табылған сүйекке қатысты түсініктеме берді.

"Медеу аудандық полиция бөлімі ескі жерлеудің табылуы бойынша тергеу жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Алматы полициясы.