Алматыда үш баланың анасы ауыр соққыдан көз жұмды

0
383

42 жастағы үш баланың анасы күйеуінің қолынан қаза тапты.


Алматыда үш баланың анасы ауыр соққыдан көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда «Ақбұлақ» шағын ауданындағы үйдің бірінде ер адам әйелін ұрып-соғып өлтірді деп күдіктелуде, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 42 жастағы үш баланың анасы күйеуінің қолынан қаза тапты.

«Полицияға қайтыс болған әйелдің анасы шағым түсірді. Қызын уайымдаған ана учаскелік инспекторды шақырған. 39 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол кінәсін мойындаған жоқ. Үш баланың анасының өлімінің себебін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады. Криминалистер оның денесінен соққының іздерін анықтады», - деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін осыған ұқсас оқиға Алматы облысында болған. Полицейлер әйелін ұрып-соғып, денесін каналға лақтырып жіберген ер адамды ұстаған болатын. Күдікті 6 қыркүйек күні әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшін Үлкен Алматы каналына жеткізіп, лақырып жібергенін мойындаған. Ал істің ушығуына ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал себеп болған.