Алматыда үш күдікті полицияның 42 автокөлігін қиратқан

0
557

​Күдіктілердің осы қылмыстарға қатысы барын бейнекамера жазбалары, куәгерлердің жауабы мен сараптамалық зерттеулер растап отыр.


Алматыда үш күдікті полицияның 42 автокөлігін қиратқан

ERNUR.KZ. Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде үш азамат полицияның 42 қызметтік автокөлігін қиратты. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Алматы қаласында арнайы прокурорлар үш азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, мемлекеттік органдардың ғимаратына шабуыл жасады және билік өкілдеріне күш қолданды деген күдікке ілінді.
"Қаңтардың 4-інен 5-не қараған түні аталған қылмыскерлер Алматы қаласының орталық алаңында болып, басқа адамдармен топтаса отырып, полицияның 42 қызметтік автокөлігін қиратты. Қолжетімді құралдармен қаруланып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасады. Содан кейін әкімдік ғимаратына шабуыл жасауға және өртеуге белсенді қатысты", - деді Қилымжанов брифингте.
Күдіктілердің осы қылмыстарға қатысы барын бейнекамера жазбалары, куәгерлердің жауабы мен сараптамалық зерттеулер растап отыр. Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.