Алматыда блогерлердің ұсталғаны туралы 23 қаңтарда белгілі болды.
фото: tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Алматыда ұсталған блогерлер екі айға қамауға алынды, деп жазады tengrinews.kz.
"Сот қаулысымен адамдарды бопсалады деп күдікке ілінген блогерлерге екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деп хабарлады Полиция департаменті редакцияның ресми сұранысына жауап ретінде.
Еске салайық, Алматыда блогерлердің ұсталғаны туралы 23 қаңтарда белгілі болды. Сол кезде олардың жәбірленушінің шағымы бойынша 10 миллион теңге алған кезде ұсталғаны хабарланған еді.