Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші көлікте қысылып қалған

0
774

​Құтқарушылар зардап шегушіні гидравликаның көмегімен көліктен шығарды. Ер адамның жағдайы ауыр.


Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші көлікте қысылып қалған

ERNUR.KZ. Алматының Дулати көшесінде үш көлік жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz Е-класс көлігі Дулати көшесімен оңтүстік бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан. Набережная көшесінен сәл жоғарыда автокөлік артқы оң жақ бөлігімен сол бағытта келе жатқан Hyundai Getz көлігімен соқтығысқан.

Водителя зажало в автомобиле


Жүргізуші көлікте қысылып қалды

Осыдан кейін Mercedes жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Nexia дәмхана аумағына ұшып түсті.

Пострадал водитель иномарки

Daewoo Nexia жүргізушісі ауыр жарақат алды

Daewoo Nexia жүргізушісі көлікте кептеліп қалған. Оқиға орнына құтқару қызметі мен жедел жәрдем шақырылды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды шығару үшін гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің шанағын кесті.


Массовое ДТП произошло в Алматы



Ер адамның жағдайы ауыр, ол ауруханаға жатқызылды. Жол полициясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.