Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді

0
2 085

Балада психикалық бұзылу белгілері бар.


Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Полицейлер қылмыс 8 қаңтарға қараған түні қаланың Алмалы ауданында болғанын айтты. Жасөспірім анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды.

"2005 жылғы кәмелетке толмаған бала жанжал кезінде анасына бірнеше рет пышақ сұққаны анықталды. Салдарынан әйел қайтыс болды.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баламен психологтардың көмегімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Алдын ала мәлімет бойынша, балада психикалық бұзылу белгілері бар.