ТЖД күштерімен екі адам құтқарылды.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. 2025 жылы 11 маусымда түстен кейін Түрксіб ауданының Производственная көшесінде барақ үлгісіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп жазады zakon.kz.
"ТЖД күштерімен екі адам құтқарылды. Өрт алдын ала 220 шаршы алаңда ауыздықталып, 650 шаршы алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыда екі қабатты коттедж түгі қалмай жанып кеткенін жазғанбыз. Үйдің ағаштан салынуы өртті сөндіруде белгілі бір қиындықтар туғызған.