Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

0
136

Ол ағасымен бірге тұрған.


Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Сурет: polisia.kz

ERNUR.KZ. Алматының жеке секторында қайғылы жағдай тіркелді, деп жазады zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылы 2 қыркүйекте Жетісу ауданындағы жалға алынған жеке үйлердің бірінен ер адамның денесі табылғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ауладағы дәретханада өзіне-өзі қол жұмсаған.Анықталғандай, ол осы үйде ағасымен бірге тұрған. Қолда бар мәліметке сәйкес, ер адам жұмыс істеген, қалыпты өмір салтын ұстанған. Алкогольді ішімдікке немесе басқа да зиянды әдеттерге әуес болмаған", деп нақтылайды ПД-дан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.