Алматыда жер қатынастары басқармасындағы шенеунік қамауға алынды

0
607

Басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарған лауазымды тұлға мемлекет мұқтажы үшін жер телімін сатып алу кезінде 45 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.


Алматыда жер қатынастары басқармасындағы шенеунік қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматыда қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасарының міндетін атқарушы қамауға алынды, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Шенеунік мемлекет мұқтажы үшін жер телімін сатып алуда 45 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Осы басқарманың қызметкерлері жеке жер иелерінің мүддесін көздеп, үлестес бағалаушының көмегімен мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын сегіз учаскенің құнын негізсіз асыра бағалаған.
" Мемлекет бұл меншік иелеріне артық 7,5 миллиард теңге төлеген. Сонымен қатар бір нысан бойынша бағалаушы қызметінің құны 2021 жылы орта есеппен 68 теңгені, 2022 жылы 10 теңгені құрады", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.