​Алматыда жер сілкінісі болды

0
1 653

Қазақстандық сейсмологтар қазақ-қырғыз шекарасында магнитудасы 4,6 жер сілкінісі болғанын тіркеді.


​Алматыда жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ.Қазақстандық сейсмологтар қазақ-қырғыз шекарасында магнитудасы 4,6 жер сілкінісі болғанын тіркеді, деп хабарлайды ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік станциясы. Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 08.02-де тіркелген, деп жазады sputniknews.kz.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым алыста Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болды", — делінген хабарламада.

Тереңдігі – 15 километр. Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,3 және 4,6 тағы екі жер сілкінісін тіркеді. Олар Алматы уақытымен 02.23 және 05.06 кезінде Қытай аумағында және Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай шекараларының түйіскен жерінде болыпты.