Бұған дейін Алматыда жас жігітті соққыға жыққан бейне желіде тарап кеткен болатын.
Алматы полициясы ұрып-соғуға қатысы бар деген күдіктіні және қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адамды да ұстады, деп хабарлаайды ERNUR.KZ.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми ақпаратты ведомстваның әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.ПД баспасөз қызметі
Абайлаңыз, бейнеде ұрып-соғу кадрлары бар.