Мұны сарапшылар жуырда тіркелген жер сілкінісімен байланыстырады.
ERNUR.KZ. Алматыда жоғары қабаттағы пәтерлердің бағасы арзандады. Тіпті, баспана құнын бір күнде 10%-ға дейін түсіргендер бар, деп жазады zakon.kz.
Мұны сарапшылар жуырда тіркелген жер сілкінісімен байланыстырады. Сауда платформаларында 6-шы қабаттан жоғары пәтерлердің бағасы шамамен 4 млн теңгеге дейін түскен.
Мына 10-шы қабатта орналасқан 3 бөлмелі үйдің бастапқы құны 51 млн теңге, қазір 3,5 млн теңгеге арзандапты.
"8-қабаттан жоғары қарай пәтерлердің бағасы түсті. 8-10 пайыз көлемінде. Қалған этажда 5 пайыздан түсті. Ол үйдің тұрған жеріне де байланысты. Шалғайда тұрған үйлер бар олардың бағасы көп түсті, орталықта тұрғандардың бағасы 5 пайыздан артық түскен жоқ."Жәрдем Ақбисенов, Қазақстан риелторлар қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Экономистер, алдағы 1,5 айдың көлемінде жер сілкінісі қайталанбаса, баға тұрақталатынын айтады. Пәтер құнының төмендеуі уақытша құбылыс дейді. Сарапшылар керісінше, соңғы күндері жер үйлердің сатылымы артқанын айтты. Әдетте, сату компаниялары орташа бағадағы, қалаға жақын жер үйді кемі бес айдың ішінде сатса, қазір бір ай ішінде 10 –нан аса жер үй сатылып кеткен. Жоғары этажда тұратындар жер үйге көшеміз деп бағаларын түсіріп сатылымға қойып жатыр. Сатушылар жоғары қабаттағылар бағасын түсірді деп, енді бізден алады деген оймен жер үйлер мен аз қабатты ескі үйлер бағаларын өсірді, - деп жазады Назгүл Смағұлова, сату компаниясының менеджері.
Егер де осы жер сілкіну факторлері тоқтаса, 1-1,5 айда сұраныс қалыпқа келеді. ал егер де жс тағы да болса, онда жоғары қабаттағы үйлердің бағасы қазіргіден де түседі деген негіз бар. Менің ойымша, 6 қабатқа дейінгі үйлердің бағасы мықты тұрады, - деп ойын білдірді экономист Мақсат Халық.